Бір қарындасқа
Бұл бетте «Бір қарындасқа» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Е. Р-ға)
Жасырғандай құпия сыр ұясын,
Үнсіз ғана жаутаңдап жымиясың.
Бүккен сырдай ұрланып күндер өтер,
Бұл шағыңда несіне бұйығасың?
Өмір — жүйрік жеткізбес, қусаң бір шақ,
Тәтті сырлар қайрылмас, жайсаң құшақ.
Күл, масайра, ән шырқа еркін, қалқам,
Көңіл шіркін жасиды қойсаң тұсап.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі