Тақ пен тіл – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тақ пен тіл» атты Фариза Оңғарсынова жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 2
  • 7835
Туған тілін білмеген тұлға болмас халқына,
думандатқан күнменен өте шығар даңқы да.
Не керемет күштің де ана тілсіз – бармақтай,
қара жердің үстінде тірегі жоқ қаңбақтай.
Ана тілге шала жан жерін жауға талатар –
ананы алып жағадан, қорлағанмен пара-пар.
Ата қаны бойында буырқанып жатпаса,
елдің қамы ойында, шымбайына батпаса;
бір басының қамы үшін халық атын жамылса,
ата жұрттың намысын сатып, жатқа табынса;
өз үйімен өлшесе бұл жалғанның тынысын,
шындықты уақыт өртесе, суырмаса қылышын;
азаматтың ойлысын жия алмаса жанына,
өзіне арнап ой-күшін, жаутаңдаса тағына;
таланттыны халқының байлығы деп білмесе,
ақыл, ойдың артығын іштен тынып күндесе;
бір өзінен басқаны данышпан деп ұқпаса,
әлсіз көріп жастарды, әкімдерді ықтаса;
үркек құсты бастағы даналығым десе егер,
жоғалт ондай патшаны – ел қайғысын еселер!
Парықсыздар теңеліп ел билесе, сор болар,
байлыққа олар кенеліп, қайран халық қор болар.
Таққа мінген тексіздің астамдығы артады,
халқы кешіп шексіз мұң, бар азабын тартады.
Жерді сатып жатқа ерсең, қара орманың теңселер,
ақымаққа тақ берсең, бар бейнетін ел шегер.
Ондай адам бағы емес – қасіреті халқының,
адамзатқа тақ емес, ақыл жолдас, жарқыным!
1994


Пікірлер (2)

Фариза Оңғарснова

Тіл туралы өлеңі

Умида

Тіл туралы өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тақ пен тіл өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тақ пен тіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тақ пен тіл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тақ пен тіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері