Маужырап бақтар қарайды – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Маужырап бақтар қарайды» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1111
Маужырап бақтар қарайды
ақ төсек – ақ мамық қардан,
еске сап шақтарды арайлы
кеудеңде жатталып қалған.
Тағдырлас, ғұмырлас әрі
түндермен бар сынақтары,
тіл қатпай жымыңдасады
қаланың сан шырақтары.
Түнгі оттар тау, жер, өңірге
қарайды ашық ұрланбай,
терезе сәулелерінде
сан тағдыр жасырынғандай.
Шалқиды бақтарда бір үн
өзгеріп өңі күздегі.
Сәби жүз ақ қарға бүгін
түсті алғаш өмір іздері.
1978


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маужырап бақтар қарайды өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Маужырап бақтар қарайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маужырап бақтар қарайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маужырап бақтар қарайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері