Жер мен адам – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жер мен адам» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2018
  • 0
  • 1
  • 10315
Кетті адамнан шүкірлік,
қанағат жоқ көңілде.
Аласұрып бүкіл жұрт
түкірердей өмірге.
Жетпей күннің шуағы,
жылуы аздай Жердің де,
бала ашулы туады
ыза шашып ел, Күнге.
Адам мен Жер – еменнің
тамыры мен сабағы:
қансыраса адамы,
жер жаны да жаралы.
Жерге сіңер адамның
шаттығы да, кегі де.
Туса адамға қараң күн,
сау қалмайды жері де.
Бүр ата алмай бағы да,
жер қуарып шөлдесе,
адамдардың жанына
құрт түскені ендеше.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Пернегул

Ғажап

Осы автордың басқа өлеңдері