Алматының алтын отты түндері – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Алматының алтын отты түндері» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2749
Кім жастықта қадіріңді білмеді,
Кім қойныңда алшаң басып жүрмеді.
Жасыл баққа, жас құшаққа шақырған,
Алматының алтын отты түндері.
Көк жұлдызы көзін қашан ілгелі,
Көк пердені келеді таң түргелі.
Жер үстінде жүгіреді, жұлдыздар,
Алматының алтын отты түндері.
Таудың желі, таңның желі үрледі,
Желбірейді қырдың қызыл гүлдері.
Сол гүлдердей жанды қызыл жұлдыз боп
Алматының алтын отты түндері.
Кештен бері қоршап жатқан тау үстін,
Барады ауып, домаланып алыс түн.
Бөлмесінде қазір қазақ даласы
Академия президенті Қаныштың.
Цейлон жақтан бүгін Сәбең оралған,
Қасымша айтсақ өкпелейді кім оған.
Алматының алтын түнін құшақтап,
Отыр өзі, өмірі — бір роман.
Кім жастықта қадіріңді білмеді,
Кім қойныңда алшаң басып жүрмеді.
Бас менімен бірге алып аяқты,
Алматының алтын отты түндері.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматының алтын отты түндері өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Алматының алтын отты түндері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматының алтын отты түндері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматының алтын отты түндері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері