Жамандықтың барлығы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жамандықтың барлығы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1459
Жамандықтың барлығы
жаман ойдан туындар.
Таза ой деген – таң нұры,
таң нұрында ғұмыр бар.
Жарасым мен тыныштық
табиғаттың төліндей.
Гүл көзінде күміс шық
мөлдірейді төгілмей.
Жаман оймен қарасаң,
соның бәрі бір сұмдық.
Тымық ауа – ала шаң,
түсетіндей Күн сырғып.
Таза ма ойың – тарар мұң,
айналаң да арайлы.
Бар жамандық адамның
өз ойынан тарайды.
1994


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері