Қамаудағы аңдар – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қамаудағы аңдар» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1583
Әкеме еріп қалаға
барып едім бір күні.
Көрдім сонда қамалған
аю, қасқыр, түлкіні.
Арыстан да, барыс та –
темір торда тұр бәрі.
Кете алмайды алысқа,
кезе алмайды жылғаны.
Ұша алмайды қыран да,
ұшуға оған болмайды.
Кеткісі кеп шығанға,
тек қанатын қомдайды.
Маймылға жұрт таң қалды:
нан сұрайды баладан.
Аяп кеттім аңдарды –
қандай жаман қамаған…
1973


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қамаудағы аңдар өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қамаудағы аңдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қамаудағы аңдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қамаудағы аңдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері