Бұл бетте «1831-дің қаңтары» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Боз тұман сиреп ашылды,
Ажалдың түні тарады.
Ерлері ерте ғасырдың
Тіріліп маған қарады.
Шақырды сосын ән айтып,
Қосылдым әнге өзім де,
Шама жоқ кейін қарайтын, -
Кенелді көңіл сезімге.
Дейді ғой олар: әнімде
Болмасын пәни жер үні,
Адам мен азап — бәрін де
Ұмытсын дейді-ау, көңілі,
Нәлеттің басқан табы көп,
Зәрі кеп жуған өңірін,
Алдамшы болмай бағы жоқ
Ұмытсын, - дейді-ау, өмірін.
Жыраққа кетсем бір кез мен
Тағдырдың құл боп заңына,
Қуғын, деп, сорлы ел кезген
Алғайсың мені жадыңа.
Түн-түнек түсер түксиіп,
Ұйқысыз жалғыз егіліп,
Қасында майшам сықсиып,
Көз жасың кетер төгіліп.
Дейсің ғой сонда: бір уақыт
Отырды-ау мұнда есілім, -
Шыңырау шерге шым батып
Тағдырдың тосып шешімін;.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі