Мен де солдат болар ем – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мен де солдат болар ем» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1468
Жауынгер боп Асқар ағам
өткен жылы кетіп еді.
Суретінде хатқа салған
шаттық толы көкірегі.
"Барады елден жеке мүлде,
не күтіп тұр жырақта алдан?" –
Әжем Асқар кетерінде
осылай деп жылап қалған.
"Тыныштықта жаман ырым
бастама,— деп ұрысты атам,-
ел қорғауға барады ұлың,
жоқ па одан да дұрыс батаң?!"
Көз алмадық бәріміз де,
киімі де қатқан қандай!
Күлімдеп тұр, әне, бізге
солдатпын деп мақтанғандай.
Атам айтты: "Асқаржаным,
солдат бопсың, жарадың!"— деп.
"Жоқ,— дейді әжем,— басқа арманым
аман жүрсе қарағым",— деп.
Апам орны басқа, бірақ
қуанды іштей о да керім.
Өссем екен шапшаңырақ,
мен де солдат болар едім…
1973


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен де солдат болар ем өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мен де солдат болар ем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен де солдат болар ем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен де солдат болар ем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері