Көктемгі тілек – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Көктемгі тілек» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 6092
Өмір, мен сенен көп нәрсе сұрамаймын,
Мөп-мөлдір көгіңді берсең болғаны.
Күнінде жүз түлеген құралайдың
Көгілдір жеріңді берсең болғаны.
Өзіңше дүниеге қарауға
Жанарыңды берсең болғаны.
Өзіңше қанат бітіретін адамға
Қаламыңды берсең болғаны.
* * *
Кетті қашып қыс түнде
Қарын алып ұрланып.
Алматының үстінде
Нұрлы жаңбыр тұр жауып.
Келді бұлттар,
көктем боп,
Бұлбұл алып,
гүл алып.
Көз жасымен көкпеңбек
Сұр даланы суарып.
Февральдың айында
Жаз деміндей алған бір,
Қонып жатыр қайыңға
Қар орнына ақ жаңбыр.
Қардың суын бұлт ішіп,
Күш жинады қысты аңдып.
Тамшы болып тұр түсіп,
Жазға деген құштарлық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемгі тілек өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Көктемгі тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемгі тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемгі тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері