Кәмшат апай – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Кәмшат апай» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2668
Батыр қызы халқымның
Кәмшат апай — мақтаным.
Мен де соған талпындым,
атын есте сақтадым.
Бөбегіндей аймалап,
сүйген дарқан даланы.
Алтын кірпік, ай қабақ,
ол ауылдың қазағы.
Жұлдыздайын ең көркем
жарқырайды ордені,
"Батыр бол,— деп,— сен де ертең"
шақырғандай ол мені.
Жиындарда сөз алған,
шешендіктен тосылмай.
Ұрпаққа — ісі, өзі — арман,
апаларым осындай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кәмшат апай өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Кәмшат апай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кәмшат апай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кәмшат апай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері