Бұл бетте «Үгіт» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
01.08.2022
0
0
2500
Ағайынның, алаштың
Көбі-ақ саған қас шығар.
Мұз боп қатып жүрегің,
Қалған көңілің тас шығар.
Елдің көбі тыңдамай,
Айтқан тура сөзіңді,
Өңкей залым: «сен бұзғыш!» —
Дейтін-ақ шығар өзіңді.
Залымнан қорлық көрдім деп,
Бола ма, құрбы, мұңайып?
Залым — адам қапқан ит,
Итке салар кім айып?
Жауыз, залым дұшпандар
Пайғамбарға оқ атқан.
Пайғамбарды «бұзғыш» деп,
Тобынан қуып, боқ атқан.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі