Балықшы — батыр

Бұл бетте «Балықшы — батыр» атты Фариза Оңғарсынова жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1983
Аппақ айдын, ақ айдын,
ақ айдынға қараймын.
Балықшы ағаларымды
батырларға балаймын.
Дауылға да қарамай,
жауынға да қарамай,
дүбірлетіп айдынды,
ау тартады жағалай.
Моторменен зырлатып,
балық аулап түн қатып,
белуардан су кешіп,
толқындарға жүр батып.
Сазанының дәмін-ай,
шабағының бәрі май,
қортпалары танадай,
шоқырлары баладай.
Ақ айдынға келемін,
ақ шабағын теремін.
Балықшы аға секілді
батыр болсам деп едім!
1975


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балықшы — батыр өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Балықшы — батыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балықшы — батыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Балықшы — батыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері