Құштарлық – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Құштарлық» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 1
  • 5629
Корабльді басқарып,
көк жүзіне самғармын.
Канал қазып, тас жарып,
мұхиттарды жалғармын.
Таңдандырар бар елді
ғажап үйлер салармын.
Жасартатын әжемді
дәріні ойлап табармын.
Мұзды жарып зырлайтын
кемемен жол асармын.
Бұзылмайтын, сынбайтын
ойыншықтар жасармын.
Ертегінің сарайын
жер астынан табармын.
Жұлдыздардың талайын
қолыма алып санармын.
Атам айтты: "Қарағым,
Айың тусын оңыңнан.
Ал білімсіз баланың
түк келмейді қолынан!"
1978


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Үксмохсөпқмз

Жақсы

Осы автордың басқа өлеңдері