Өмір — керуен, жетелеген алды — үміт, арты – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өмір — керуен, жетелеген алды — үміт, арты» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1363
Өмір — керуен, жетелеген алды — үміт, арты —
«Измдерден» өтіп талай ілгері озған халқымыз
Қилы тағдыр — құмырсқа жол қыбырлаған ілгері
Күліп-жылап келе жатқан сол баяғы қалпымыз.
Күнкөрісің үшін күрес жаңа көрген сор емес
Саясат та адамдарға жаңа құрған тор емес
Ұран тастау, елді бастау ұжмақ өмір уәде,
Әлмисақтан келе жатыр бауырым, бұл соңы емес.

20.07.1998 жыл.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері