Суретші – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Суретші» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3322
Мен сурет саламын.
мен сурет саламын,
салғаныма қуанып,
өзім де таң қаламын.
Жалаңаяқ қыз бала
жүгіреді жылғада.
Домбырашы жігіт тұр,
айналасы — гүл дала.
Алыс жолға қарады,
жігіт ұзап барады.
Биік шыңдар жырақта,
қар жамылған қабағы.
Киіз үй. Қыр. Ауыл да
көміліп тұр сағымға.
Көкорайда от жағып,
атам отыр жанында.
Соның бәрін саламын,
өзім де таң қаламын.
Бояу, қағаз, келіңдер,
маған көмек беріңдер!
1978


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Суретші өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Суретші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Суретші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Суретші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері