Алақандағы жазу

Бұл бетте «Алақандағы жазу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1935
Үйде ертемен тып-тыныш,
тұрдым жайлап, тарандым.
Сосын алақаныма
атын жаздым анамның.
Мен қағазға жазбадым,
жазбадым үй жарына:
анашымның есімін
жаздым алақаныма.
Үйге толды адамдар,
шудан құлақ тұнады.
"Қолыңдағы немене?"-
деп барлығы сұрады.
Мен қолымды ашпадым,
лүпілдеді жүрегім.
Өйткені алақанымда
бақыт ұстап тұр едім!
1978


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алақандағы жазу өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Алақандағы жазу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алақандағы жазу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алақандағы жазу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері