Ұлытауым – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ұлытауым» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2275
Қойылған ескерткіштей нұр күніме,
ұқсайтын туған жердің кіндігіне
киелі бір өлке бар қазағымда,
ту тіккен тірлігіме, бірлігіме.
Қайырмасы:
Тілімнің бесігі,
жырымның бесігі,
көңілдей кеңдігімен,
ерлігі, елдігі
жанымда өшпейтін, еңселі
Ұлытауым!
Ұлытау ұлылықтың байрағындай,
даламның алтын жалы, айдарындай.
Қастерлі, қасиетті тағдырымның
қалдырған тарихтарға айғағындай.
Қайырмасы.
Ұлытау — күн дидарлы сырлы аймағым,
сен жайлы шырқап салар тынбайды әнім.
Ата салт, ана дәстүр — қасиетіңнен
нәр алған суалмайтын жыр қайнарым.
Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлытауым өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ұлытауым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлытауым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлытауым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері