Бұл бетте «Оралға оралғанда» атты Айтқали Нәріков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Оралым шықты алдымнан,
Оралым, менің Оралым...»
Қасым Аманжолов
Оралым, сол аязың, бораның да,
«Ақ тайлақ» ойнақтап жүр орамыңда.
Жүгіріп шықты, міне, қарсы алдымнан,
Асыққан баладайын қол алуға.
Кезінде талбойлары қызған ғой көп,
Киіпті теректерің мұздан көйлек.
Бақтарды серуен құрған танымадым,
Ойладым - жастық менен озған ғой деп.
Есіңе түстіме ісім бұла күнгі,
Әйтеуір, сағыныпсың ұланыңды.
Аязың ашалауын қояр емес,
Үсітіп жібермесін құлағымды..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі