Атырау — әнім – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Атырау — әнім» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 4336
Атырау — арқа сүйер тірегімдей,
көңілі, құшағы ыстық Күн еліндей.
Қос құрлық қол созады бір-біріне
табысқан ғашықтардың жүрегіндей.
Қайырмасы:
Алтындай таңдары,
ақ айдын жан-жағы,
көгінде ән қалқыған, күй шалқыған,
сән беріп өмірге, нәр беріп көңілге,
шырқатқан ақын жанын Атырауым!
Қызғалдақ қыздар қандай жыр-жүрегі,
жалт еткен жанарынан күн күледі.
Жігітке серік болған, көрік болған
қыпша бел Қыз Жібектің сіңлілері!
Қайырмасы.
Көңілі кең даладай адамдары,
қарайды бауырындай саған бәрі.
Жайықта дәл осындай бір қала бар,
жаныма қуат берер ән-арманы!
Қайырмасы.
1998


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атырау — әнім өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Атырау — әнім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атырау — әнім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атырау — әнім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері