Әрқашан да бағалайық отбасын! – Мәдениетқызы Ардақ

Бұл бетте «Әрқашан да бағалайық отбасын!» атты Мәдениетқызы Ардақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қымбат екен отбасы әр адамға,
Тұрады ғой орны бөлек ғаламда.
Болатұғын далаң, тауың, қалаң да,
Отбасыңды сақта мәңгі санаңда.

Отбасымыз — бұл Отанның бөлігі,
Әр отбасы берекенің өнімі.
Ата-анаға бала тәтті өрігі,
Жақындарың бар жаһанның көрігі.

Бір Тәңірім отбасымды сақтасын,
Ешбір адам отбасынсыз қалмасын.
Жақындарды, жақсылардық жақтасын,
Әрқашан да бағалайық отбасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері