Тәуелсіздікпен сырласу – Мәдениетқызы Ардақ

Бұл бетте «Тәуелсіздікпен сырласу» атты Мәдениетқызы Ардақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

—Тәуелсіздік, тәуелсіздік дейді жұрт,
Сол кездегі қиындықтар болды ұмыт.
Тәуелсіздік, айтшы енді біздерге,
Елімізге қалай осы келді құт?

—Қуанышқа толы еді күніміз,
Тыныштықта өткен еді түніміз.
Жерімізге қастықпенен жау келіп,
Солыды ғой жайнап өскен гүліміз.

Бар қазақтың ойран етті тұрағын,
Бұл қайғыдан тұра алмадым, құладым.
Жүректерге салып ауыр қайғы, мұң,
Жазым етті қазақтардың қыранын.

Ішінде де талай батыр салқынның,
Шайқасты ғой жиегінде сан қырдың.
Азап пенен арқасында бірліктің,
Тәуелсіздік болып қайта жаңғырдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері