Өлең, жыр, ақындар

Тапқышбек

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 983
Кір жуғыш машинаның қымыз ашытқыш машинаға айналуы
Тапқышбекті, балалар,
Білесіңдер бұрыннан.
Көп жаңалық таба алар,
Хабары мол ғылымнан.
Сол Тапқышбек жаз күні
Болған екен жайлауда.
Қаңқылдаған қаз, қуы,
Биелері байлауда.
Қызғыш, құтан, тұрымтай..
Қызық думан қайда да.
Көл жағалай құлын, тай
Жарысады айнала.
Тіл үйірер бал татып,
Қымыз бенен шұбатты.
Кілегей мен бал қатық –
Керемет-ау қуаты.
Шаруамен тығыз бір
Барса Тапқыш қосына,
Пісіп жатқан қымызды
Кезігеді досына.
Жарыса кеп санайды:
– Бір, екі, үш... жеті мың.
Інісіне қарайды:
– Тағы керек екі мың.
Деді:
– Піссем жан салып,
Күшіне ене түседі.
Үлкен-кіші тамсанып,
Қымызымды ішеді.
Қымыздың бір кесесін
Тапкышбек те сімірді.
Сәл бусанып шекесі,
Бетіне қан жүгірді.
Балдай сусын ұнапты,
Деді:
– Дәмді қымызың.
Қиын екен бірақ тым
Күбі пісу күн ұзын.
Досы айтты:
– Күн сайын
Жиырма мыңдай пісемін.
Тағы пісіп түн сайын,
Осы әуреге түсемін.
Тапқыш қадап жанарын,
Былай деді досына:
– Табайық бір амалын,
Сөз болып па осы да.
Алдырды да дүкеннен
Кір жуатын машина,
Ашып аузын бітелген,
Жудырды әбден досына.
Содан кейін Тапқышбек
Шеберлікпен аса бір
Әр тетігін тәптіштеп,
Жаңа аспап жасады.
Бар қымызды күбіден
Құйды әлгіге ақтарып.
Сезіледі түрінен
Тұрғандығы мақтанып.
Машинаның ішінде
Зыр айналды қымызың.
Қолы босап пісуден,
Досы алды тынысын.
Осылайша Тапқышбек
Бір машина тапты ойлап.
Нағыз «Қымызпіскіш» деп,
Қойды оған ат та ойлап.

Шаңсорғыштың шыбын сорғышқа айналуы
Жайылып кең дастарқан,
Достар шайға отырды.
Алға қойған астардан
Көз тұнады, не түрлі:
Ірімшік, құрт, кілегей,
Қазы, қарта, жал-жая..
Шұбырады сілекей,
Бір жеп көрсең, балдай, ә!
Ал бірақ та жаманы –
Шыбын деген шымалдай.
Дастарканды жабады
Қалың қара тұмандай.
Тапқышбегің жайға бұл
Күйінетін секілді.
«Тапқыштығым қайда бұл?»
– Бір байламға бекінді.
Ойланып ап шамалы,
Былай деді досына:
– Табайық бір амалын
Сөз болып па осы да.
Содан кейін досынан
Шаңсорғышты сұрады.
Бір тетігін тосыннан
Басып қалып, бұрады.
Дастарқанға жақындап,
Ашып еді тығынды,
Шансорғышың сақылдап,
Жұта берді шыбыңды.
Болмағандай жұғын бір,
Жұта берді, жалмады.
Біраздан соң шыбынның
Біреуі де калмады.

Желдеткіштің ұршыққа, тескішке және қайраққа айналуы
Кең жайлауда жараса
Тігілген үй қаншама.
Жасаулары тамаша,
Қатты ұнайды баршаға.
Басқұр, желбау, тұскиіз,
Қоржын, қалта төрдегі...
Қошқар мүйіз, тік мүйіз –
Сан алуан өрнегі.
Соның бәрі – үйдегі
Өнерлі әжей еңбегі.
Бірде созып шүйкені,
Бірде құрған өрмегін.
Сол әжеміз тағы да
Жүннің тартып қылшығын,
Жалықпастан сарыла,
Иіруде ұршығын...
Бұл тірлікке өнімсіз
Тапқышбек шын налыды:
«Өнімсіз іс – көңілсіз», –
Деп жігерін жаныды.
Жетпістегі ананың
Ісін жеңілдеткелі,
Айналдырып қалағын,
Желдеткішін септеді.
Қалағының орнына
Ұршық сапты салған-ды.
Өнеріне ол мына
Риза боп қалған-ды.
Осылайша темірден
Ұршықсапты жасады.
Көтеріңкі көңілмен
Бедерін де кашады.
Содан кейін ұршықты
Әжесіне ұсынды:
– Оңтайлы зат бұл тіпті.
Тез өндірер ісінді.
Тоққа қосып қолма-қол,
Айтып берді амалын.
Алды алғысын сонда мол
Жүн иірген ананын.
Көзді ашып-жұмғанша.
Ұршық зырлай жөнелді.
Аз мезгілде-ақ бұл қанша
Іс тындырды көп енді...
Тапқыш бір кез жондағы
Шабындыққа барыпты.
Шалғышының сондағы
Шалғысы өтпей қалыпты.
Бұрынғыдай көп күш жоқ.
Аппақ қудай сақалы
Ертіп келді Тапқышбек,
Аяп кетіп атаны.
Әрі жалпақ, дөңгелек
Келді сырттан тас алып.
Тегістелді жөнге кеп,
Біразырақ қашалып.
Сонсын ұршық орнына
Тескіш салды жайлап бір.
Қиналмай-ақ, ол мына
Тесіп шықты қайрақты.
Қақ ортадан тесілген
Қайрақ тасты табақша
Желдеткішке тезінен
Бекітті енді қалақша.
Түймешігін басқанда-ақ,
Қайрақ кетті зырқырап,
Жаңалыққа баспалдақ –
Қартқа бұл іс тұрды ұнап.
Қайрақты алға алды да,
Қарт отырды жайланып.
Балта, пышақ, шалғы да
Жатты түгел қайралып.

Тапқышбектің тегі
Ертегілер елінен
Келген бала –
Тапқышбек.
Жаңа өмірге сеніммен
Енген бала – Тапқышбек.
Өнер сырын меңгере,
Оқығаны көп бала.
Зеректікпен зердеге
Тоқығаны көп бала.
Үлкендердің еңбегін
Жеңілдетіп біршама,
Сый ұсынбақ енді ерің
Кішілерге кіл жаңа.
Балалардың сабағын
Жеңілдетсем дейді екен.
Нұрға бөлеп қабағын,
Көңілді етсем дейді екен.
Күшті құрал сол үшін
Жасап шығу керек қой.
Қимылдатса қолұшын,
Тапқышбек тым ерек кой.
Сол Тапқышбек бүгінде
Компьютерді тауыпты.
Бар бала көз тігуде,
Ынталары ауыпты.
Талаптанған балаға
Күтіп тұрған сәтті іс көп.
Жаны құмар жаңаға –
Ертегі ұлы Тапқышбек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болаттың ауруы

  • 0
  • 0

Тұр орныңнан, қарағым,
Тұршы, Болат, – десек те,
«Ауырды», – деп тамағым,
Жатып алды төсекте.

Толық

Жыл он екі ай

  • 0
  • 0

Ақ мақтадай қары бар,
Аязы бар, әні бар.
Дүниені жаңартқан
Қаңтарды сен танып ал.

Толық

Жүрек дауасы

  • 0
  • 0

Аурухана бөлмесінде
Жатыр жігіт, жатыр сұлық.
Арман толы кеудесінде
Ақырғы дем, ақырғы үміт.

Толық

Қарап көріңіз