Кітап — білім бұлағы!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Кітап деген сиқыр ма екен әлде бір?
Кітаптарды қосайын мен әнге бұл.
Білсеңіздер кітаппен ой ашылған,
Тарихтарға талай таңба басылған.

Қарасаңыз саналы ұрпақ қазіргі,
Кітаппенен болған екен төзімді.
Кітаптардан бар әлемді көреміз,
Осы күшпен қадам басып келеміз.

Дініміз де ашылған бұл кітаптан,
Осыменен өттік талай сынақтан.
Кітаптардан біліп талай заманды,
Жаңа өлке, жаңа тарих қаланды.

Кітап деген — бұл әлемнің көрігі,
Адамдардың мәңгі адал серігі.
Саналатын бар ғаламның ұраны,
Әрқашан да кітап — білім бұлағы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кітап — білім бұлағы! өлеңінің авторы кім?

Мәдениетқызы Ардақ — осы өлеңнің авторы.

Кітап — білім бұлағы! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Кітап — білім бұлағы! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мәдениетқызы Ардақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кітап — білім бұлағы! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері