Махамбет Өтемісұлына арнау

Бұл бетте «Махамбет Өтемісұлына арнау» атты Эланора Исаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Арыстандай жауға атылған,
Кенде емеспіз батырдан.
Дауылпаз ақын Махамбет,
Қаламмен қайрат қаруын,
Азаттық дәмін татырған.

Жолдасы ердің Исатай,
Қосшысы бірі басшысы.
Ерлікпен қаза тапқанда,
Лашын құсын жоқтаған,
Тағдырдың татып ащысын.

Хан алдында саспаған,
Аяғын шалыс баспаған.
Тура сөздің төресі,
Халықтан асып таспаған,
Жасқанбаған жас қалам.

Рухы биік, сөзі өр,
Ұлт намысын бермеген.
Ереуіл атқа ер салып,
Ерлік іздеп шөлдеген,
Найзасын жауға сермеген.

Артта қалды азат күн,
Тәуба, бүгін азатпыз!
Өр намысты қазақпыз,
Махамбеттің жалынды,
Жолын қуған жастармыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махамбет Өтемісұлына арнау өлеңінің авторы кім?

Эланора Исаева — осы өлеңнің авторы.

Махамбет Өтемісұлына арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махамбет Өтемісұлына арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Эланора Исаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Махамбет Өтемісұлына арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер