Бер батаны әйелге – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Бер батаны әйелге» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бер батаны әйелге,
Танытқан ұрпағын ол әлемге.
Бала үшін суға түсіп, отқа күйген,
Дерсің сен еңбегі оның ерен бе?

Сансыз сұрақ мазалайды кей кез де,
Әйел Ана сыйлы ғой ол жер бетінде.
Жұмақтан да орын оған берілген,
Әйелдерді қадірлеңдер бәріңде.

Берілген бар сұлулық әйелге,
Қай кезде де сұрақтарды әйел шешеді емес пе?
Әрбір табысты еркектің артында Ұлы әйел тұрады,
Дәлелденген әйелдердің жетістігі тарихтағы.

Арналған әйелге талай қисса дастандарда ,
Батырлығы үлгі ел қорғауда.
Отан үшін отқа түсіп аянбаған,
Ерлігімен көзге түскен шайқастарда.
Ерлермен бірдей шапқан жауға,
Ұмытпайды батыр қыздарын Отан Ана.

Бер батаны әйелге,
Ұлылардың анасы ол емес пе?
Бүкіл әлем бас иеді анаға,
Сыйла, құрметте қолыңнан келгенше.

Әйел деген отбасының тірегі,
Қастерлеңдер әйелдерді.
Ер азамат қолдағанда әйелді,
Нәзік жандар сүйіспеншілікті сезеді.

Төмен деп санамаңдар әйелді,
Ананың күшті ғой құдіреті.
Көз алдыңа елестетші,
Өз анаң мен қызыңды.
Жараланбасын жан жүрегі,
Тербеткен бесік пен әлемді.
Әйел деген отбасының ұйытқысы,
Керілмес әйелсіз ешбір үйдің керегесі.
Бер батаңды әйелге,
Сыйлаған өмірді әлемге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бер батаны әйелге өлеңінің авторы кім?

Гульнази Назарова — осы өлеңнің авторы.

Бер батаны әйелге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бер батаны әйелге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гульнази Назарова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бер батаны әйелге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар