Жағасында Мұрғабтың – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Жағасында Мұрғабтың» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 639
Жетім тал, бұтақтары суға сулап,
Мұрғабтың жағасында тұрған жылап.
Түрікменнің сол бip жасыл аяулысын
Аймалап жатты жақын құм да құлап.
Таң атса жапырағы сілкінетін,
Мөлдір шық көз жасындай сүртілетін.
Құрғатып құдықтарды күннің өpтi,
Сорлы жұрт сол шұңқырда түртінетін.
Қанаты күйген бүркіт қыр қонады,
Шал басын сеңсең бөpiк қорғамады.
Он ғасыр осы аңызақ аптаса да
Бишара қыздың көзi құрғамады.
Түнде бip төте жолмен астым белес,
Ақының машинада қалғыр емес,
Әсем қыз күлкі, сыбыр, көзімен де
Береді әлсін-әлсін маған елес.
Көзіме баяғы тал тағы ілікті,
Шық моншақ бұрымына тағылыпты.
Мұрғабтың жағасында кеше мұңлы
Eкeyi eндi ұмытқан тағылықты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағасында Мұрғабтың өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Жағасында Мұрғабтың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағасында Мұрғабтың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жағасында Мұрғабтың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері