Мінез – Бауыржан Халиолла

Бұл бетте «Мінез» атты Бауыржан Халиолла жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.12.2015
  • 0
  • 1
  • 5732
Ұшқым келіп ұшайын деп бұлқынғам,
Құс екенмін қос қанаты қырқылған.
Немкеттілеу жанашырдан не пайда,
Күліп жүріп күл шашатын сыртымнан.
Осы өмірім өңім бе әлде түсім бе,
Жаным өлі, тәнім тірі пішінде.
Жүрегімді қолыма алып қызықтап,
Жүргендеймін жындыхана ішінде.
Жағдайымды түсіне ме қалың ел,
Сонша неге болдым екен әбігер.
Күле берем, күйігімді емдейтін,
Таппағасын бір дені сау дәрігер.
Шабысым жоқ бұрынғыдай, шабанмын,
Бақытты еді уайымсыз балаң күн.
Аттай алмай алдымдағы апаннан,
Артпен жүріп бара жатқан адаммын.
Бағыт сілтеп неғыласың досым-ай,
Айтарыңды ағыта бер шошымай.
Ту желкемнен қадалғанша сұр жебе,
Қыңырайып кете берем осылай...


Пікірлер (1)

Батыржан Бимаханбетов

Нағыз поэзия деп осындай өлеңдер шумағын айтуға лайық. Лирикалық иірімдері жүрек есігін қақпай-ақ кіріп, төр менікі деп қонақтай кетеді. Ешқандай күшену, өзін-өзі қинау, ұйқас қуу үшін жазылмаған жыр жолдары еріксіз қайта-қайта оқуға жетелейді. РАХМЕТ!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінез өлеңінің авторы кім?

Бауыржан Халиолла — осы өлеңнің авторы.

Мінез өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мінез өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бауыржан Халиолла өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінез өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері