Сең
Бұл бетте «Сең» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкше мұздың көкірегі қызынып,
Сере қарыс сең жарылды бұзылып.
Мен қарадым алқам-салқам өзенге,
Тереңдіктің тебіренісіне қызығып.
Кемерлерді әлім-берім ырғатып,
Сеңдер, сеңдер бір шығады, бір батып.
Жел соғады жүлгелерден жүйіткіп,
Құрлық төсін келген бетте құрғатып.
Сеңдер, сеңдер сеңделеді ойланбай,
Бұлай болса, түгесілмек той қандай.
Қызыл суын құшағына қондырып,
Тоғытылып бара жатқан қойлардай.
Байырқалап қонғандайын құс кілең,
Көзбен көрдім қырық жамау қысты мен.
Арғы бетке өтіп кеткім келеді,
Аттап-аттап сол сеңдердің үстімен.
Қапаланба, қайран өзен, аһ ұрма,
Жарыл, төгіл, дүрліге бір шатырла.
...О басында тұтас туған дүние
Бөлінген соң бүлік болып жатыр да.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі