Тарғыл шыңды табалау – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Тарғыл шыңды табалау» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 704
Kәpi шатқал! Сен де өзіңше қызық ең...
Бұлт үстінде зор кемедей жүзіп ең:
Жан көзінен жасырып ең басыңды
Күллі дәyip күн мен желі мүжіген.
Саған мағлұм арғы шен де бepгi шен, —
Бiз білмейтін талай тарих белгісі ең.
Сонау жатқан үңгірлі де аңғарлы
Терең сайға жығыласың енді сен!
Бұрын-соңды өтпеген соң бұлай сын,
Бip-ақ рет күрсінесің —
құлайсың!
Сонда алғаш та, соңғы рет те айтарың:
— Мен білмеппін! Адам! Өзің құдайсың!
Асу бермей орайын мен бөгенің,
Ертеде сен талай жолды бөгедің:
Өз қойныңнан тас лақтырып адамға,
Өлген жанға еңкейген де жоқ едің.
Өмірің, бойың әpi биік, әpi ұзын
Аяқталды! Тыңдалмайды арызың!..
Асқар биік адамзаттың талабын
Аяқасты жатып өтеу парызың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тарғыл шыңды табалау өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Тарғыл шыңды табалау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тарғыл шыңды табалау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тарғыл шыңды табалау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері