Шуақ
Бұл бетте «Шуақ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мынау тiрлiк азап боп
Бiтпей қойды жарамыз...
Қатып қалды қасат боп
Iшiмдегi қара мұз.
Қабағыма сыз қонып,
Қатал күнге кезiктiм...
Отыр едiм мұз болып
Жып-жылы сөз есiттiм.
Мұздай ойлар сүңгiдей
Кетiп едi шыдатпай.
Сол жылы сөз
Сiңдi кеп
Тұла бойға шуақтай.
Сол бiр сөздiң – қараңыз! –
Жылытқан соң шуағы, –
Iшiмдегi қара мұз
Күтiр-күтiр сынады.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі