Жас достардың қаласы – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Жас достардың қаласы» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 779
Нүрек — қала, ici қауырт, жөппелдем...
Нүрек— қала, былтыр ғана жұрт келген,
Көшелердің көп үйлері — палатка,
Көкшіл вагон доңғалаққа жүктелген.
Жас қаланың жан сарайын сезем бе,
Kөкірегінe терең бойлап көз енбей.
Тұрғындары қыз бен жігіт көктемде,
Тамам шулап тауда жатқан өзендей.
Бip cәтi жоқ дамыл табар, тынығар,
Бұл қаланын сайран-сауық түнi бар.
Отыз ұлттың ұрпағынан бip қауым —
Таза достық, мөлдір намыс, тұнық ар!..
Маған бақыт жастық шақтың мекенін
Ардақтағыш, мадақтағыш екенім, —
Барған күні қаласына бас идім
Қасиетім махаббат пен некенің!
Балан бақта тамыр тартып қорекке
Өскен шынар, қайын, шырша, терек те.
Шеберлері бесік icтeп күн сайын,
Бip табыт та жасалмапты Нүректе!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері