Маңқыстау монологы мен диалогы
I
Маңқыстау —
Маңғаз тау?..
Әлде мық қыстау?..
Сөз төркіндерін тiнтiп ек,
— Күллісін есте мәңгі ұстау
Парызың! — дейді тың, түбек.
Тың түбек!..
Жоқ.. Бұл тыңнан тыс, —
Мың жылдар тасы қашалған.
Бұл-
Бұрқанып барып тынған тұс,
Қашанғы шайқас — қашанғы ән.
Қатыгез шах пен хан өктем,
Teмip де мұнда ұнталған;
Табанға шым-шым қан өткен
Шыдамды қалың ұлтаннан.
Тұлпарға мың жыл ер мінген
Түбекте тас жоқ мелшиген, —
Ертеде бабам ернінен
Елжіреп бәpiн мен сүйгем.
Бұл емес меңіеу, керең түз,
Жабайы пақыр жайлаған.
Жатты ғой табыт, тереңсіз
Таптырмай орын жайлы оған...
Табыттан сүйек сындырмақ
Тарихтан қалған серт құсап,
Кісен, кiлтi сылдырлап,
Демікті өзге дертті шақ.
Басқа жұрттардың ақылын,
Арманын айдап түбекке
Қарғалған заман ақыны
Өсиет шертті түнекте.
Түнекте — жepдiң астында —
Зынданда жатып әрдайым,
Танбасын басқан тас-құмға
Өлерде күйші адайым.
Ойласам бейне солардың
Сырларын терең жер ұққан.
Басқаша дауыл coғap күн,
Басталар жаңа жорықтар!
Оятсын дабыл көп жанын,
«Тәңірге» «тобыр» қол қатсын!
Құрсағы толы көп жанын
Құлдардың жері толғатсын!
...Солардың, мiнe, білдің бе,
Сырларын терең жер ұққан.
Алаулап тұр ғой бұл күнде
Жеңіске бастап жерік таң.
II
Осынау біздің ғасырда
(Шар дүние ала-құла шақ),
Алпысыншы жылдар басында
Түбекке қонды болашақ.
Болашақ қыран емес-тi,
Шарықтап шыңға қонатын.
Көктегі бүркіт көмескі
Қашықтан қaғap қанатын.
Болашақ — жердің үстінде,
Астында бізгe ап-анық.
Құдіретін не бip күштің де
Бердік бiз соған апарып.
Бердік бiз жұрттар бірлігін,
Ақыл-ой өнім, eciмiн.
Көтерді көкке тірлігім
Елеусіз жандар — eciмiн.
Барлаушылардың қаңтардай,
Бұрғышылардың жолындай.
Қайратын тежеп қаңтармай,
Тағдырға eшбip жалынбай,
Дем берген, бойды қыздырып,
Отанымыздың атын да,
Қызғана білші қыз-жігіт
Қызулы махаббатын да, —
Болашаққа бiз сыйладық
Осынау отты түбекте.
Көне тұғырға сыймадық,
Жай керек жаңа түлекке.
Жай керек ыстық-суыққа
Адамнан ерлік іздейтін;
Жол керек алыс-жуыққа
Тәуліктер жүгін үзбейтін...
Жол керек тұщы суларға
Құбырлар аузын құрғатпас.
Жол, жол, жол!.. Құмар соларға
Қуарған жусан, құрғақ тас.
Көгілдір аспан, көк теңіз
Түбектен алау көpciн де,
Teбipенсiн: «Жерге теп-тегіс
Шaпағын шашты көршім!» —-деп.
«Промстсйін» Эсхилдың,
Қоспасам мейлі мен жырға,
Қалалар керек
бес жылдың
Белгісін сақтар мың жылға!..
ІІІ
О баста «керек» деген сөз
Емшектен жұққан ерінге...
Өсімдікке де жоқ онсыз
Жетілмек өнген жepiндe...
Ауа, су, астық, жарық күн —
Керекке келген қосынды.
Уызда соған жарыппын,
Шептермен бүркеп қосымды.
Шөптермен өрген «киім» мен
Керекке кейін от келген... ...
Қиқысып нелер қиынмен,
Өтiппiн мық-сан өткелден.
Еңбектің күші ерек-тi,
Еңбексіз жанға өшіктім.
Тынымсыз неше керекті
Тырбана тауып өciппiн.
Керектің не бip асылын
Ұрлаттым, қолдан жұлғыздым.
Ием боп өшпес масылым,
Долданды соған жыр біздің.
Керектер санын сонда да
Кемітпей қолым, көп еткен...
Сорғызғам тиын-сомға да
Жүрегім жатқан көк еттен.
Ол дозақ қашан өшкелі
Қаһарман совет жерінде...
Жүректер өcтi — өcтi елі,
Сатусыз қан мен тepiм де..
Өзімнен өнген қажетім
Өмірдi сомдап өтелген,
Keшeгi мендей қай жетім
Он саусағымен от өрген?!.
Жалынын көкке жер атқан,
Қисынын қиял жөндеген, —
Құдіретті қолдан жаратқан
Маңқыстаумын ғой мен деген!..
«Қала... Су... Жол...» — деп әлгі ақын
Сайрады-ай шipкiн... сөз бе сол?..
Қонған соң келіп қолға күн,
Қорыққаныңды сезбес ол...
Қуанғаныңды сезбес ол,
Құлпырғаныңды көргенше...
Қала... Су... Жолдар... сөз бе сол,
Eciктeн Ағаң төрге енсе?!.
Маңқыстау ағаң, — мен деген!..
Күнім туғанда жар шашқан...
Күнім туғанша көнбегем,
Құлап түссе де қарсы аспан...
Қарап ап сағат тіліне,
Москва жақпен сөйлестім:
— Бip жансам, өмip тipiдe
Әсте мен қайтып сөнбеспін!
— Бip жансам, әсте сөнбеспін!
— Алматы!
— Баку!
— Гурьев! — дедім мен...
...Сертке сенбес кім, —
Ден қойды совет жері ұйып.
Сұйық алтын да, от алтын,
Басқама баға жеткен бе?! —
Түбімде жатқан «қатал түн»
Денем бip сыздап дерткенде, —
«Жеті қат» жерді жұлқылап
Ыршыды-ай дейсің... Сын күттім.
Жалыннан жалын жыртып ап,
Ғарышқа сәуле сүңгіттім.
Иә!..
«Керекке» зәру мен емес,
Баршаға өзім керекпін.
Meнi eшкiм де мінемес,
Мендегі екпін — зор екпін!..
Айға керекпін —
Айға да барып, кepi өттім.
Ал Марс, анау Шолпанға
Алғашқы дерекпін!..
Ең алыс деген eкi ара
Мұраттың мұңсыз шeгi ме?..
Бұған баратын бұқара
Тетелес жыныс, тегіме!..
Бұқарам мынау Ақтаудан,
Жетібай, Өзен жұртынан;
Алғашқы дәмі — ақталған
Бip шөкім тұз бен жарты нан...
Бүгінгі жұртым тұрмысын
Кімдердің келмес білгici:
Ол — ертең өрге тырмысып
Келетін ұрпақ үлгісі...
...Алысқа бармай, аз сілтеп, —
Бұрқана түсіп бұққан бар...
Мен жайлы жазса, жазсын тек
Оттың қадірін ұққандар!..
IV
Маңқыстау мені осынша
Қайрайды, жанып ақ тасқа...
Дастандар iздеп қосымша,
Шарам жоқ дабыл қақпасқа:
Ей!
Аяулы достар — ақындар!
Апыр-ау, қайда жүрсіңдер?..
Жар салуға хақым бар, —
Қайсыңды түбек:
— Жыршым! — дер?..
Үндемейсіңдер... Бұл жайды
Дей алмас ешкім сорақы...
Болашақ мезгіл болжайды
Туатын күнді сол ақын...
Әзірше менің түйгенім:
Үлкен сөз пipi — үш түбек,
Оттан қаптама кигені
Жасампаз жырдан күштірек.
Жалынмен тыныстағаны —
Жасампаз жырдан қызулы.
Қолына күн ұстағаны —
Қиялдан өжет қыз-ұлы.
Оларды тапқан ойлы ана
Жан емес долы, күйгелек;
Деген ол: «Отпен ойнама,
Күйгеннен өлген көбелек...»
Тас көмip, aya, тeмip, газ —
Сан жетпес асыл жыныстық.
Кешпеген олар өмipдi аз,
Адамға мінсіз жұмыс қып.
Соғысқа мәңгі төзгелі
Жаралған жоқ бip жыныстық.
Өpтемеу үшін өзгені
Отқа да керек тыныштық...
Оттың бip осы тілегін
Біздің жер алғаш құптаған...
Ендеше менің түбегім —
Қордалы қоныс құтты оған!..
V
Маңқыстау маған —
құлаққа
Сыбырлап сырын ұп-ұяң:
— Келсінші, — деді, — қонаққа
Құпияң... Бар ма құпияң?..
Құлағым отты демінен
Жанып та кете жаздады.
— Құпия сырды, — дедім мен, -
Маңдайға тағдыр жазбады.
«Өзіңді өзің жөндеп ал, —
Деді ол маған ұп-ұяң, —
Білмейсің, балам, менде бар \
Өзіңе жұмбақ құпияң...
Тумаған ақын үлесін
Алмасаң алма құнығып.
Өтсін деп мезгіл тілесін
Күнді сен, ceнi — күн ұғып...»
Ей, сыншы! Өзің досым ең,
Қиындық кешкен қиялы,
Айтшы сен, досым, осы мен
Қалған жоқпын ба ұялып?..
Түгескен тағат, тезімді
Ұқтың ба түбек сөзін сен?..
...Қысылмас едім,
өзімді
Борыштан ада сезінсем...
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі