Ағайға

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 995
Аға бар деп атасынан именген
Мен басында саған сеніп үйге енгем...
Марқаюды, махаббаттың зар-мұңын,
Құдіретін де өз басыңнан үйренгем.
Кемпір-шалдар айтпасын деп маған сын,
Барлық сынды арқалаған ағамсың.
Ceнi көріп мен өстім-ау!..
Ендеше,
Ең алғашқы баға жетпес бағамсың!..
Серуен кеште қайық міндік желкендеп,
Көл сыртында ұлан-байтақ жер кең деп.
Сонда маған қажеттігін сен айттың,
Елді сүймек, жексұрыннан жиіркенбек.
Арамзаны, адал қанын аңсаған,
Жазала деп елің ceнi жұмсаған;
Әз әлімше сардары боп санаттың,
Жиырма бесте epiп барғам мен саған.
Есімде жоқ, жә сүймедің, жә сүйдің,
Тамтығы да қалмағанда тас үйдің.
Әлі есімде: сен қуансаң, қуандым,
Өлгендерге сен бас идің —
бас идім.
Сол соғыста құрбыңды сен жоғалттың,
Құрбың үшін жау біткенді жыға аттық.
Жеңістен соң өз қасыңда мен — үнсіз,
Жетім менен жесірді сен жұбаттың.
Беделіңнен қуат құйып халқыма,
Сен келтірдің шат көңілді қалпына.
Омырауында он даңқы бар мезгілдің!
Мойнында жоқ, бекер төккен қан, күнә!
...Еш қорқыныш емес саған жөтелген;
Әр шалдың-ақ оған әсте еті өлген.
Өткен дәурен талаптары тап-таза
Ерлігіңмен, еңбегіңмен өтелген!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағайға өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Ағайға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ағайға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағайға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері