Әр кездегі экспромт – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Әр кездегі экспромт» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 647
Жатырмын жат өлкенің жылғасында,
Ажалдың алпамсасы тұр қасымда.
Билігі талықсыған тағдырымның
Қақыратқан қабырғамды қорғасында.
Апыр-ау, шынымен-ақ қалар ма екен
Қызарып топырағым қыр басында?..
Айманым — ақ сәбиім, аян берші! —
Бip сәтке көзім жасы құрғасын да...
Беу, балапаным, балапаным!
Жаюлы саған қарай алақаным!
Айман-ау, саған жетіп бармасам да,
Талпынтып өз қолыма алмасам да,
Үзбеймін көрем деген үмтімді,
Ажалдың шаужайына жармасам да.
Қансырап күйіп барам, күйіп барам,
Өртеніп, жалын атып жанбасам да.
Айман-ау, бір хабарын жеткізсеңші,
Қарлығаш қанатына жалғасаң да!
Беу, балапаным, балапаным!
Жаюлы саған қарай алақаным!
* * *
Құрбым-ау, соғыстағы өліктердің
Ішінде мен де жатып өліп көрдім.
Сен сонда тамырыма тарасын деп
Азғантай өз қаныңды бөліп бердің.
Кім едің? Қай халықтың өкілі едің! —
Өлгенше соны білмей өкінемін!
***
Ғарыштан біздің әнге жол ашылды
Жар салдық барлық адам баласына;
Ерлікпен есен-аман ән де қонды
Байқоңыр байтақ-ұлан даласына.
...Әзелден аңыраған ән даласын
Жапан десең, жалақор, сандаласың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әр кездегі экспромт өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Әр кездегі экспромт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әр кездегі экспромт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әр кездегі экспромт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері