Ән-шашу
Бұл бетте «Ән-шашу» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Домбырамды алайын,
Қанат қағайын!
Шырқап әнге салайын,
Тыңда, ағайын!
Тілегімді қосайын,
Сырымды ашайын!
Ортаңа той жасайын,
Шашу шашайын!
Қайырмасы:
Қалған бізге мәңгіге – бабадан мұра,
Қасиетті осынау қара домбыра!
Әнім биік самғасын,
Үнім талмасын!
Дәстүрімді келешек
Ұрпақ жалғасын!
Жүректерге жол салған,
Қалды қанша арман!
Әуелетіп ән салған,
Елім тамсанған!
Берік болып салтыма,
Түстім талқыға.
Бақ жұлдызым жарқыра,
Туған халқыма!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі