Маңғаз отан
Аяқтай жүріп тегіс адақтаған
Республикам, қажет пе мадақ саған?..
Мақтанба деп үйреттің өз жұртыңды
Дарытпау үшін сырттан мазақты оған.
Үйретпек жөн, үйренгіш бас шұлғыса,
Сұстанбаса, жүрегі тас жылғыша,
Қалмадың ба қаңырап ел босқанда
Көкірегіңді талқандап тасқын құса?!
Бір сендегі байсалды төзімділік
Ұйқы тұрғай, көрген жоқ көз iлдipiп.
Айырса ауын аттан, аузын ақтан,
Ел байғұс төзбей нетті «ТОЗ-ын» құрып?!
«Зауыт», «Пәбірік» самсап-ақ рас тұрған
Тетіктерін әр елден құрастырған.
Аты сендік олардың, заты бөтен, —
Айла-шарғы алысқа қыр астырған.
Сол бір сайқал саясат құпиясын
Енді білдің, даярлап құт ұясын.
Есің жиып, нәубеттің зардабынан
Енді ғана бұйырса құтыласың,
Біз ғой ceнi білсек те түсібеген,
Маңғаздықты мақтан деп мүсіндеген.
Маңғаз күйде сен ғана басқалардай
Ipімін деп ipгeci iciнбeгeн.
Маңғаз болдың, аяулым, жеңілсең де
Кім түрмеді олжаға жеңін сенде...
Алып тұлғаң арқасы бодан күйде
Fылым, білім, өнерден жем ілсең де.
Сен ше, әлi ел бақсыға бақтырғандай,
Аяғынан әлсіздер шақ тұрғандай,
Жаңа келген еркіндік емес әлі
Көк аспанға бергісi лақтырғандай.
Жұрттың дербес еңбекті ұмытқалы
Таңдайында қалған тек үміт балы.
Рас, аздап сергідің, маңғаз марғау,
Ел басынын сатылап үш ұтқалы.
Жаңа ғасыр жарлығы енді ғана
Күш алмаса күйсіз күн елді ұға ма, —
Рухы науқас елдегі — қылмыс, күнә
Енді бәлкім дес берер ме дұғаңа.
Шүкip, сенде сауыққан саясаттан
Сенім де бар өзіңе сая тапқан.
Күндер өтер азайған малға қоса
Наласы мен намысын соя сатқан.
Бекер мін саясатқа тағайын ба,
Иншалла, көбейді дос, ағайын да.
Саясат шартарапқа алып шықты
Жапанның жалғыз абыз Абайын да.
Саясат мақтамай-ақ, мәртебеңді
Үстем қып биіктетті нәр төбеңді
«Адаммен адам күні» деген осы
Тату жұрт нәсібіне нәр төк енді.
Енді ойлан, жетер сенің сазарғаның,
Көп беріп көңілдестен аз алғаның.
Ұят болып, ұлық болып ұтпақ керек
Барсаң да бәci қымбат базарға мың...
Көп сенбей жер құрсағы тоқтығына
Санау шарт алақанда жоқты күнә.
Біз онсыз бepepi мол берекелі
Шындықтың шыға алмаймыз шоқтығына.
Енді ойлан, Республикам — Маңғаз Отан!
Сай кеп тұр бүгінгі Атазаңға жотаң.
Сондықтан бip перзентің мен де сенше
Күн түгіл түнде түлеп, таңға жатам.
Республикам!
Ақ бөбек, асыл ағай,
Ycтepiнe шафхатың шашырағай!
Құт бepiп Қазақстан күні бізге,
Адамды адал пейіл асырағай.
1995 жыл
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі