Сұлу қыз, көрмесек те аманбысын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 01.12.2015
  • 0
  • 0
  • 6429
Сұлу қыз, көрмесек те аманбысын,
Қонақты қондырмайтын сараңбысын?
Ер болмасаң, ердің жайын білер едің,
Шет жеоге жолаушылап барармысын?
Үйіңде әкең тұрып, өзің шықтың,
Берекет бұ мінезден табармысын?
Көрінер жүзің жылы бір көргендей
Танысып күні-түні бір жүргендей.
Байқаймын осы күнде еш ойың жоқ,
Құдайды бір, құранды шын білгендей.
Болған соң атың әйел шара бар ма.
Ер болсан қондырар ең тірілгендей.
Келдің бе осынша елге сыйлағаннан?
Аршын төс, алма мойын асылға қыз,
Айтамын жамандыққа қимағаннан.
Жоқ шығар құт құйдырған жұрттын бәрі,
Қартайса, кетед екен қыздан әрі.
Сұрасаң менің атым Әбубәкір,
Қауындай жеңсік көрген жұрттың бәрі.
Қыз болсаң сен де қонақ, мен де қонақ,
Қонақты қонақ қумақ болмас жол-ақ.
Үйінде өзі отырып, қыз шығарған,
Байқаймын, әкең менен шешең дорак.
Пиғылсыз, жазды күні қонба дейсін,
Тұр ма еді, қарың жауып, күнің борап?
Көргенмін талай жерде сендей қызды,
Беп-бекер сөйлей берме алдымды орап.
Бір қызсың жез оймақтай жымырылған,
Пиғылың жас басыңнан қуырылған.
Үйіне қызын қойып, өзі шықса,
Тая ма әке-шешең тұғырынан?
Жаярмын талай жерге дыбысынды,
Жүйрікпін әрбір топта суырылған.
Менің бұл айтқан сөзім жаман ба екен,
Сен қыздың түндегі айтқан сыбырыңнан?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлу қыз, көрмесек те аманбысын өлеңінің авторы кім?

Әбубәкір Кердері — осы өлеңнің авторы.

Сұлу қыз, көрмесек те аманбысын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сұлу қыз, көрмесек те аманбысын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбубәкір Кердері өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұлу қыз, көрмесек те аманбысын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері