Өкініштен өнім бар ма?

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 676
Тұсында ой жаңартқыш өзгepicтің
Қымбаты-ай өкініштен өнген істің.
Қамы үшін ертеңгінің достарыммен
Күнәдай өз қатемді он бөлістім.
Келгендей айырмасын қызықтағым
Сөз еттім патша тағын, мұжық тағын.
Шынында заң деп ұқтым замандардан
Қисапсыз қанды қырғын iзi ұтпағын.
Қанды өзен бipiнeн соң бipi ағылып,
Қылмысты деп те жүрдік қырағылық.
Ұмытып ұлт дегенді, жұрт дегенді
Баршадан қалсын дедік бip-aқ ұрық
Ей, құдай, сен де осыған қатыстың ба,
Пендемен сен де бізше атыстың ба?..
Осыдан болмады ма күні қараң
Дүниенің шығысындай батыстың да.
Күллісін түсінудей түсіндік-ау,
Ұқсатты өз iciнe iciмдi жау.
Болды ма қан төккенім қатты өкініш
Біржола күйреткенсіп күшін бұғау.
Қалпында қалып қойды кісі өлтіру,
Адамның аяғында кісен шіру.
Өнімі өкініштің бұйырмаса
мүмкін бе тұрмыс аман-есен тұру?!
Әзірше өкініштен өнім аз-ақ
Болғасын мезгіл етпек мені мазақ
Әзірше қырық жамау бүтінделмей
Опық жеп отырғанның дені қазақ.

Ақпан, 1997 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкініштен өнім бар ма? өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Өкініштен өнім бар ма? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өкініштен өнім бар ма? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкініштен өнім бар ма? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері