Үйіме тағы гүл келді

Бұл бетте «Үйіме тағы гүл келді» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 721
Үйіме тағы гүл келді,
Кеудеме менің нұр берді.
Осы емес пе, бақытым,
Бақытын ұстап, кім көрді?!
Үйіме тағы гүл келді,
Кеудеме толы жыр берді.
Жүрегім, толқып теңізім,
Толқындар атып, түргелді!
Үйіме тағы гүл келді,
Жаңа бір өмір жыл келді.
Шалқып бір тағы жырлайын
Жырламай кайтем, тіл берді!?
Бақытын ұстап кім көрді,
Қуаныш сыйлап, мұң берді.
Толысты тағы бір Адам,
Үйіме көркем гүл келді!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үйіме тағы гүл келді өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Үйіме тағы гүл келді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үйіме тағы гүл келді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үйіме тағы гүл келді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері