Келді көктем қайтадан салады өрнек – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Келді көктем қайтадан салады өрнек» атты Шөмішбай Сариев жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 814
Келді көктем қайтадан салады өрнек,
Хош иісі көк шөптің дала кернеп.
Сағынышпен құстарды қарсы алуға,
Гүл қаптап тау төбені барады өрлеп.
Келді көктем, мәңгілік тұрмайды анық,
Суретші жанары ұрлайды анық.
Композитор көзіне – әнге айналып,
Ақынның жүрегінде — жырға айналып.
Өнерлілер өмірді шалқып көріп,
Табиғаттай оралмас қайтып келіп.
Мәңгі жасап кетеді көктемдерін,
Бір-ақ бір өмірге айтып беріп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері