Жаңбыр – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Жаңбыр» атты Әбділдә Тәжібаев жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 11236
Күркірете көгімді
Көк ала бұлт сөгілді.
Отты көзі жалтылдап,
Бір шолып қап жерімді
Нөсерлетіп ақтарды
Аспан толы теңізді.
Жапырақ қандай жаңарды,
Жаным қандай дем алды.

1955
*∙*∙*
Өрістен қайтқан інгендей,
Мезгілін сезген сауынның.
Шудасы жерге тигендей
Келеді бұлты жауынның.
Келеді боздап жануар,
Желіні сызып жер бетін.
Қаласаң қанша сауып ал,
Жылы екен биыл төгетін.
Келеді жылжып аспанмен
Көшпелі менің теңізім:
Төңкеріп түгел тастар ем,
Етем - ау апат жер жүзін.
Қаласам көгім сілкінер
Атылар оттар, жарқылдар;
Қаласам аспан мөлдірер,
Көк ала қосақ, тартылар,
Бәрі де бүгін қолымда,
Айтқаным келеді айнымай;
Қазақтың жүрер жолында
Тұра алар енді қай құдай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбыр өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Жаңбыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңбыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаңбыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері