Болса да бұл өмірдің көп қызығы,

Бұл бетте «Болса да бұл өмірдің көп қызығы,» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 777
Болса да бұл өмірдің көп қызығы,
Еңбексіз дүниенің жоқ қызығы.
Тірлігің тірлік емес, еңбек жанып,
Жаныңды жылытпаса от қызуы.
Еңбекпен ел ішіне шығар атың
Бақыт пен Қуаныштан құралатын.
Еңбек деген өз отың, өзің жағып,
Шоғына жылынатын рахатың.
Жатқанда жүрегіңде шоғың мұздап,
Келсе де, тоқмейілдік көңілге аздап.
Еңбекке еркелігің жараспайды!
Ерке бол, ерке болсаң өмірге аздап!
Болса да бұл өмірдің көп қызығы,
Еңбексіз дүниенің жоқ қызығы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болса да бұл өмірдің көп қызығы, өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Болса да бұл өмірдің көп қызығы, өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болса да бұл өмірдің көп қызығы, өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болса да бұл өмірдің көп қызығы, өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері