Бұл бетте «Туған жердің құсымын» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Қалықтап айналып бір ұшқаныымды – ай,
Сондағы көрсең менің құштарымды-ай!
Менұзап туған жерден бара жаттым,
Күзімнің қимай ұшқан құстарындай.
Көз салып, көкжиекті жағаламай,
Аңғармай, көп нәрсені бағаламай.
Асықтым теңізіне ұлы өмірдің,
Көктеммен бірге оралған шағаладай.
Көңілдің қызықтамай шаттығын жай,
Балалық — адалдықтың пәк туындай.
Өмірдің теңізіне кеттім жүзіп,
Көлімнің керім аппақ аққуындай,
Өмірлік өлең — сезім құмарындай,
Мойнымнан Азаматтық жүгі арылмай.
Мен кеттім астанаға, Алатауға,
Шыңдарға ұя салар қыранындай.
Келемін бірге жасап ұлы еліммен,
Шықсам деп, туған елім тілегіңнен.
Сөйлеп ала жөнелдім дүниеге,
Құп-құйттай дүрсіл қаққан жүрегіммен.
Туған сол топырақтың күшін алып,
Жолына арманымның түсіп алып.
Кіндік кескен жерімнің бір құсы едім,
Қона алмай жүрмін қайта ұшып алып...
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі