Бәрінен де не қымбат? – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Бәрінен де не қымбат?» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1840
Жүрек қымбат, жүрекке жаның қымбат,
Пәк жаныңа ожданың, арың қымбат.
Махаббаты айнымас жарың қымбат,
Адамға туып, өскен ауыл қымбат,
Бір туған, бір анадан бауыр қымбат,
Намыс қымбат, қол жетпес арман қымбат.
Халқың қымбат, қашанда елің қымбат.
Отан қымбат, Отанға антың қымбат,
Антың қымбат, антыңа сенім қымбат.
Ана тілің, домбыраң, күйің қымбат,
Дастарқанда —қонақжай сыйың қымбат.
Бесік қымбат, ұл-қызың — ұрпақ қымбат,
Өмір қымбат, от басың — үйің қымбат,
Әке қымбат, әруақ, бабаң қымбат,
Анаң қымбат, туған жер — далаң қымбат,
Бұл өмірге баянды болашағың —
Бауырыңнан жаралған балаң қымбат.
Ақыл қымбат, тереңде — жақұт қымбат,
Жақұт қымбат, жақұттай бақыт қымбат,
Бәрінен де, не қымбат Адам үшін?
Бәрі қымбат!.. Бәрінен Уақыт қымбат!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәрінен де не қымбат? өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Бәрінен де не қымбат? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәрінен де не қымбат? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәрінен де не қымбат? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері