Бір бала

Бұл бетте «Бір бала» атты Шөмішбай Сариев жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1167
Бір бала көрінеді «Қамбаш» көлден,
Аққуды осы айдында алғаш көрген.
Күн қаққан дидарында қарамықтай,
Туғалы туа біткен жолдас меңмен.
Бір бала көрінеді Мақпал тұстан,
Жүгірсе озатындай аққан құстан.
Асығып астанасы — ауыл жаққа,
Құлдырап кұлыншақтай шапқанда ұшқан.
Бір бала көрінеді Арал жақтан,
Киіктің төлі сынды даламда аққан.
Толқында туғасын ба теңіздің де
Тағдыры сол баланың алаңдатқан.
Бәрі де бір ауылдың теңіз, көлі,
Шалқыған айдынымен егіз көгі.
Сол бала көрінетін жағалауда,
Уақыт толқын шайған... жоқ іздері.
Мұңдылау жанарында тұнатын нұр,
Арманы деп білетін мұратын — жыр.
Сол баланың балалық қуатымен
Астана құшағында бір ақын жүр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір бала өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Бір бала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір бала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бір бала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері