Өлең, жыр, ақындар

Менің көшемнің тынысы

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 7092
Коммунист проспекті - менің көшем!
Алаңында, биікте Ленин көсем!
Үй, мекемем, үкметім - бәрі осында,
Тіпті жөн-ақ осыны Елім десем!..
Адам - өзен, жағада жалғыз тұрсам
Ылғи көрем туыс, дос, жолдасты сан.
Мен де жаһан кезіппін, бұл көшемен
Күнде жүрген ізімді жалғастырсаң!..
Жарқын кешем жаралған ел күшінен
Маған ыстық арғысы, бергісімен.
Көз жұмып-ақ отырып көре аламын
Әр шатырын әр қилы белгісімен!
Ол өзінше...сыр шертем одан басқа
Қатарымда көп жүрген қадамдасқа:
Сағат сайын көшесін көркейтетін
Қарыздар ғой қашан да адам досқа!..
Мезгіл маған қарайды күлімсіреп,
Мен салғам жоқ мезгілден бұрын сурет,
Ылғи шықсам, ікөшеде көз алдымда
Бір жаналық тұрады бірінші рет!
Бірінші рет кәшенің бас шенінде
Шулап бала шомылды бассейнде.
Бірінші рет айдын көл, аққу, фонтан,
Маңайында кәрі мен жас сейілде.
Бірінші рет аязда шаңылтақты
Ескі лашық ең сонғы шаңын қақты...
Бірінші рет біздің дос шырқап шығып,
Сегізінші қабаттан шамын жақты.
Бірінші рет ЦУМ, «Сая», «Сәуле», «Шолпан»,
Ас, мейман үй -«Алматы», «Қазақстан».
Бірінші рет менің де мекемемнің
Алтын әрпін оқыды көз алыстан!..
Жас махаббат «арбасқан» бірінші рет,
Сәби ізі қар басқан бірінші рет,
Адал ісін адақтап, пенсионер
Ақ таяққа жармасқан бірінші рет!..
Бірінші рет биікті шын бағалап
Тауды шебер табиғат шыңдаған-ақ,
Вокзалында көшемнің бірінші реет
Келген адам тұрады шыңға қарап!..
Болмас шыңнан қиялды әрі ұшырмай
Қиял түпсіз әлемнің ғарышындай.
Бірінші рет көргеннің бәрі биік,
Бұлттан басы жоғары бәрі шыңдай!..
Шыңға қарап дүние жасар әлі:
Кварталдар жыл сайын жасарады,-
Мен соңғы рет әтерде жаннат кеше:
- Қартым ұйқтап кетті!- деп, жар салады.

1966



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кілем

  • 0
  • 0

Өрнекті, түгел түкті, асыл кілем —
Ақ сары, көк пен қызыл-жасыл кiлeң.
Мен де оның бipey құрлым мың заманғы
Ақшадан қымбатырақ бәсін білем.

Толық

Қызғалдақ

  • 0
  • 0

Маған, міне, хат әкеліп балам жүр,
Ашып көрсем таңғажайып болам бip.
Онда менің алыстағы iнімнің
Отты жанын жарып шаққан балаң жыр.

Толық

Төрттағандар

  • 0
  • 0

Қартайдың ба — қайт райдан желікпей,
Өтті күндер елегзитін еліктей.
Жетпей ме сол тұшындырсаң өзгені
Кемеңгер шақ кеудеңе тұз ерітпей?!

Толық

Қарап көріңіз