Өлең, жыр, ақындар

Қобыз үні – Қорқыт баба

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1546
Құдіретті Қобыз үні ғасырлық,
Жаратқан ғой тәңір баста асыл ғып,
Теңіздердей толқып-тасып басылдық,
Тағдырлардай сан тарапқа шашылдық
Күңіренген Қобыз үні киелі.
Асқар шыңдай, басқан таудай басын бұлт
Үнсіз ғана қобыз үнін сөйлетіп,
Жүректегі жарамызды жасырдық.
Абыздайын қобыз үні арқылы,
Ғасырлардың иығына асылдық.
Қасиетті Қобыз үні киелі,
Жүрек болса зарына бас иеді.
Жаны бардың езіледі сүйегі,
Жүрегімен, жанымен жан сүйеді.
Кәрі таудай, қарт бабадай иілген
Домбырадай болмаса да тиегі.
Құдіретті қыл қобыздың үнімен
Емделгендей ғасырлардың сүйегі
Қобыз үні – шыққан алғаш шаңырақ,
Дәдем Қорқыт, Қорқыт бабам үйі еді.
Киелі ғой аққу үні – қобыздың,
Тілі болған қыпшақтар мен оғыздың.
Қорқыт ата мұрагері сол іздің
Талай кездер мұрамыздан қол үздім,
Бостандық жоқ, басқа елге – бодан боп
Домалатып күйін кештік қоңыздың.
Түпкі мақсат – түбіріне жете алмай,
Киелі сан жеті менен тоғыздың
Бір Аллаға мың мінәжат етумен,
Шанағына мұңды шақтық қобыздың.
Құдіретті қобыз үні – шежіре,
Күллі әлеммен сырласа алар өзі де.
Жүрегі бар, тілі де бар, сөзі де.
Мұң тұндырып қарай алар көзіңе
Қайта оралтар қобыз үні – құдірет,
Адам болып жаратылған кезіңе.
Жүрегіңнің сығындысы сияқты
Әр үніне балқыр жаның езіле.
Ата қоныс, ата-баба тарихы
Құдіретті қобыз үні – шежіре.
Қобыз үні – таудың тылсым шыңында,
Асқар шыңның бұлттар басқан мұңында,
Туған жердің тау мен тасы құмында,
Даламыздың ойы менен қырында.
Қобыз үні – үйіріп алар бүгін де,
Қобыз үні билеп алған бұрын да.
Тұлпар-нарлар басын иген еріксіз
Құлақ салар қозы менен құлын да.
Ұлы жердің тіп-тік биік өркеші
Қобыз үні – таудың тылсым шыңында.
Қорқыт баба қобыз үнін – таңда ашты,
Қобыз үннен қорқып-үркіп жау қашты.
Дос етердей қанаты бар талмасты.
Тұңғиыққа батырғандай бар басты.
Сонау кезден күңіреніп Қобыз үн,
Сан бір жылдар, сан ғасырлар алмасты.
Құдіретті үні болған Тәңірдің,
Қорқыт баба – Қобыз үні алғашқы.
Келер күнге, Болашаққа, Ертеңге
Бүгінгі Күн – Ерболатпен жалғасты!
Қазақ жұрты – Домбырамен тең балап,
Қобыз үні – Ғасырларды келді орап,
Ұлы дәдем – Қорқыт баба шәкірті,
Ұлы Қобыз перзентісің, Ерболат!!!
Біздің тарих шөл далада жоқ ізі,
Сөйлеп өткен қыпшақтар мен оғызы.
Қайта оралып келгендей бір кезеңі,
Жырларымның дариясы, өзені –
Менің дағы жүрегімнің қобызы.
Осылайша айттым жырмен елге сыр,
Домбыра мен қобыз үні – көл көсір,
Мен иіліп, мен мінәжат етемін,
Қобыз үні – Қорқыт бабам,
Сен кешір!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәңгілік ел

  • 0
  • 0

Мәңгілік Ел дегенде,
Күнді ойлаймын, күткен талай сағына,
Бұл Қазақтың біткен мынау бағына,
Мәңгілік ел дегенде,

Толық

Қазағымның күйлері-ай

  • 0
  • 0

Сағынышты жүрегімнің назындай,
Қырдың әсем қалқып ұшқан қазындай,
Сырлы әсем Сырдария сазындай,
Аңыраған аққулардың мұңындай

Толық

Әлдилей бер, ән-өлең

  • 0
  • 0

Ән-өлең әлдиінде тербетілдім,
Арасында аспан көк, жер мен күннің.
Қасиетті киелі Қазағымды,
Еркелеп халқым-жұртым, Елден жүрмін.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар