Жаныма жан сырымды жолдас еттім – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Жаныма жан сырымды жолдас еттім» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1014
Жаныма жан сырымды жолдас еттім,
Темекі у қайғыны жолда шектім.
Үмітпен арманыма жетем деген,
Бойында жігер болмай болмас екпін.
Жаныма шабыт мұңды досым еттім
Өтетін көпірлерді қосып өттім.
Егетін топырақты құнарлы етіп,
Дәнімді баптап-барлап сосын ектім.
Жаныма жақсылықты серік еттім
Жолыма мейірімдерді төгіп өттім.
Келеді көз алдына көгі көктің
Жер-аспан екі арасын өмір еттім.
Бағымды мен білмеймін кім алғанын,
Қайсы дос, қайсы дұшпан біле алмадым.
Достарды қолдан келсе ренжітпей,
Өмірде риза ету бір арманым!

8 тамыз 2002 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері