Туған жер (балалар әні) – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Туған жер (балалар әні)» атты Шөмішбай Сариев жазған туған жер туралы өлең берілген.

1. Жайлау гүлге тұнатын,
Атам, әжем тұратын,
Мен ауылды,
Мен ауылды сүйемін!
А...
Мен ауылды,
Мен ауылды сүйемін!

2. Қала гүлге тұнатын,
Папам, мамам тұратын,
(Әкем, анам)
Мен қаланы,
Мен қаланы сүйемін!
А...
Мен қаланы,
Мен қаланы сүйемін!

3. Атам, әжем мекені,
Папам, мамам мекені,
(Әкем, анам)
Туған жерді,
Туған жерді сүйемін!
А...
Туған жерді сүйемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері